Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аманжол Оңғарбаев: «Көптің бірі болғымыз келген жоқ»

21.07.2022, 15:15 1070

Бүгін – «Халық» газетінің туған күні

…Алғашқы жылдары «Халық» – халықтың газет­і» деген тақырыппен нөмір сайын бірінші бетте сурет жариялануы – басылымның жарыққ­а шыққан күннен бастап оқырманмен тығыз байланыс жасауға ұмтылысының дәлелі. Газеттің алғашқы жылдарында бас редактор Аманжол Сақыпұлы, бас редактор орынбасары Нұрлан Көбегенұлы, бөлім меңгерушілері Айгүл Нұр­тайқызы, Елубай Әуезов, Сабырхан Сейілбекұлы, Дәуіржан Елубаев, Айжан Абдуллаева, беттеуші дизейнерлер Руслан Оңғарбаев, Гүлмира Нұрмаханова, Зият Кәрібайұлы еңбек етті. Газет­ алғашқы нөмірінен 1700 данамен шықса, таралы­м апта сайын өсіп отырды.

«Халық» газетін шығару идеясы туралы басы­лымның негізін қалаған, сол жылдардағы «Халық» газеті» бас редакторы Аманжол Оңғарбаев бір сұхбатында былай дейді: «Біз «Халықты» шығарарда алдымызға халықтың арман-мақсатын қозғайтын Сыр өңірінде жақсы бір басылым қалыптастыруды мақсат еткенбіз. Көптің бірі болғымыз келген жоқ және соған талап­ қылдық. Шыны керек, 2000 жылдың 21 шілдесінде алғашқы нөмірді шығарғанымызда қалтамызда тек баспаханаға жететін ғана қаражат бар еді. Біз қайттік, «тәуекел ет те тас жұт» дейтін халықтың ұрпағымыз, жарық көр­ген жаңа газетті оқырманға тараттық, одан түскен пайдаға келесі нөмірді шығардық. Сөйтіп, бірте-бірте халықпен тығыз байланыс орнатып, нәтижесінде тиражымыз көбейе берді. Біз «ә» дегеннен басқалар секілді «пәлен демеуші­м бар», «түген нөмірге ақшамыз жетеді» демедік. Таза халықтың ықыласына жұмыс істедік» дейді…

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: