Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәжімұрат Әлжанов: «Алғашқы мақалам «Халық» газетіне шықты»

21.07.2022, 11:40 1265

Бүгін – «Халық» газетінің туған күні

– Әңгімеміздің әлқиссасын журналистикаға келу жолыңыздан бастасақ. Бұл салада жұмыс істеу  бала  күнгі  арманыңыз  ба?

– 7-8-сынып оқып жүрген кезімде болашақ мамандығым туралы көп ойланатынмын. Алғашында «адвокат» деген мамандықты ұнаттым. Жазықсыз жапа шегіп жатқандарды сотта қорғап, араша түскім келетін. Осы салаға қатыс­ты үлкендерден сұрадым, киноларды көрдім. Бірақ адам өлтірген қанішерлерді де қорғауға тура келеді екен. Ойымнан бірден айны­дым. Сол мезетте газет редакцияларын көп аралайтынмын. Шағын әңгіме жазып, кросворд құрас­тыратынмын. «Халық» газетінде «Тұсау­кесер» деген арнайы бет болды. Мен секілді шимақтап жүрген балалардың алғашқы жазбалары жарияланды. Ол кездегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті, құлшынысым артып, жазуды да көбейттік. Газетті қолға алғанда қуанып, сүйінші сұрап жүретінмін. Мұғалімдерім, сыныптастарым оқып, мақтауын асыра­ды. Теле­дидардан жаңалықты үзбей көріп, тілшілердің сюжетін қайталайтынмын. Өзімнің осы салаға қызығушылығым жоғары екенін байқадым. Содан «журналист боламын» деп шештім. Мектеп бітіретін жылдары сынып жетек­шім басқа мамандық таңдауға үгіттеді. Мен есепті жақсы шығаратынмын. «Математика немесе физика таңдасаң, мемлекеттік грантпен оқуға мүмкіндік көп» дейтін. Бірақ ойымды өзгерткен жоқпын. Осы  саладан  нан  тауып  жеп  жүрміз.

Журналист, «Халық» газетінің түлегі

Тәжімұрат Әлжановтың сұхбатынан үзінді

Сұхбаттың толық нұсқасын оқи отырыңыз:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: