Мемлекет басшысы бірқатар басшы мен әкімдерге қатаң тапсырма беріп, халықпен кездесулер өткізуді арттырып, олардың әл-ауқатын, тұрмыс тіршілігін, әлеуметтік жағдайының тұрақтылығын бақылауды, сондай-ақ мәселелерін кезек күттірмей шешуді жүктеді. Бұл мақсатта аймақ және аудан басшылары халықпен кездесу өткізіп, тиісті іс-шараларды атқаруда. Осыған орай Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тілеумбетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында брифинг берді.
– Мемлекет басшысының Жарлығына сай барлық елді мекендерді аралап, халықпен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдадым және жеке қабылдаулар өткіздім. Әрбір айтылған талап-тілектер бойынша арнайы іс-шаралар жоспарын жасап бекіттік. Орындалуын тоқсан сайын өзектендіріп, жариялап отыратын боламыз. Ағымдағы жылдың I жартыжылдығында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң тенденциясы сақталып келеді. Нақтылай түсетін болсақ 2022 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің жалпы кірістері 104,6 пайызға, оның ішінде өз кірістеріміз 137,5 пайызға орындалды. Жыл басында 2,6 млрд теңгемен жоспарланған өз кірістеріміздің болжамы есепті кезеңде 3 млрд теңгемен нақтыланды. Ал, бюджеттің шығыстары есепті кезеңге 99,9 пайызға орындалды, – деді аудан әкімі Мұрат Тлеумбетов.
Жаңақорған ауданының қазіргі әл-ауқаты мен мақаланың толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!