HALYQLINE.KZ –| Күн санап өршіп бара жатқан індеттің жайынан күнделікті хабардармыз. Біз ғана емес, бүкіл әлем алаңдаған, ұлт саулығы сынға түскен шақта жарияланған Елбасы үндеуін оқып, көңіл серпілді.
Өзі ел басқарған тұстағы күрделі кезеңдерді еңсеруге бар күш-жігерін аямаған Н.Ә.Назарбаев бүгін де елімен бірге екендігін аңғартты.
Ұлтымызды ұйымшылдыққа үндеп, жастарымызға жігер беретін мақала осы қиын кезеңде бәріміздің жауапкершілік танытумыз қажеттігін көрсетеді.
Инфекцияның таралуымен күресу, оның ел экономикасы мен адам өміріне теріс ықпал етуінің алдын алу – ортақ міндетіміз. Бұл мақсатта жан-жақты шаралар қабылдануда. Мемлекет халықтың табысын сақтауға, әлеуметтік осал топтарды демеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударуда.
Сондықтан, халықтың әлеуметтік жағдайының әлсіремеуі бағытындағы мемлекет тарапынан қабылданған шаралар алаңдауға жол бермеуі тиіс. Тіпті, зейнеткерлердің зейнетақысын үйінің табалдырығына дейін жеткізіп беру мәселесі ұйымдастырылып жатқандығы Елбасы айтқан қамқорлықтың көрінісі деп білемін.
Береке мен бірлігіміз бәрін жеңеді. Қауіпті індетпен бір адамдай жұмыла күрессек, тәртіпке бағынсақ – бұл асуды да оңай бағындырарымыз сөзсіз.
Елдің бірлігі сыналған уақытта уыздай ұйыған ұлтымыздың амандығы үшін қарапайым ғана ережелерді сақтауға шақырамын. «Сақтансаң, сақтармын» деген тағылымды сөз бар. Өзімізді, ағайын, бауырларымызды сақтайық. Сабырлы болайық, үйде болайық!
Л.ҚОЖАНИЯЗОВА,
Қызылорда қалалық мәслихат депутаты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!