Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторында қызыл дипломмен жұмыс істеп жүрген жас маман көп

13.07.2022, 17:55 293

HALYQLINE.KZ Президент Қ.Тоқаев: «Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас бір буыны қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз» деген болатын.

Міне, сондай жастардың бірі, ЗК-169/1 тергеу изоляторындағы мекеменің Қаржымен қамтамасыз қызмет ету бөлімінің экономисті – Оразалина Азиза Асылханқызы. И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғарғы коллледждінің есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Қызметтік міндеті бойынша, мекеменің шаруашылық қызметіне экономикалық талдауды жасауды жүзеге асырады, бюджеттік қаражаттардағы үнемделудің резевтерін анықтайды.

Мекеменің қаржы саласында қызметін жауапкершілікпен атқарып жүрген бұл жас қыз, өз ісіне берік, ұқыпты. Жас болса да өз ісінің білгір маманы.

Келесі жас маман Аймахан Жаншуақ Шәдібекқызы – Қазақ ұлттық аграрлы зерттеу университетінің «Құқықтану» бакалавры дәрежесін қызыл дипломмен бітірген. Қазіргі күні Арнайы есепке алу бөлімінің маман инспекторы.

Оталықтандырылған ақпараттандырылған деректер базасына мекеме қамауына келіп түскен азаматтарды тіркейді.

Заңды өкілдерге, адвокат, прокуратураға шақырту талонын береді және іс-құжаттарын тігумен айналысады.

Өн бойында қазақ қызына тән сыпайылық пен әдептілігі басым бұл қызметкер жас болса да ұжымдастарына сыйлы тұлға.

Ал, мекеменің Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы Алмас Перизат Қонысбекқызының жұмысқа орналасуына қызыл диплом иегері болғандығының ықпалы тиіпті.

Басты міндеті, мемлекеттік сатып алу бойынша порталға хабар жіберу және нәтижесі бойынша келісімшарт жасасу,келіп түскен келісімшарт негізінде қаржыларды игеру, т.б. қызмет түрлері болып табылады.

– Мен ЗК-169/1 мекемесіне жұмысқа қабылданарда түйіндемемде қызыл диплом иегері екенімді көрсеткен болатынмын.

Алғашқы әңгімелесу сәтінде, мекеме бастығы «Коледжді қызыл дипломмен бітіріпсің, жоғарғы оқу орнында Халықаралық қазақ-түрік университетінде аяқтапсың.

Білімді жас деп, сенім артып, жұмысқа қабылдап отырмын» деген болатын.

Міне, сол сенімді ақтау мақсатында еңбек етіп келемін, – дейді жас маман.

Иә, тәуелсіз еліміздің бір бұрышына кірпіш болып қаланып, ҚАЖ саласында қарқынды еңбек етіп жүрген бұл жастардың алар асуы, шығар бигі әлі алда деп ойлаймыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: