Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ер-азаматтарға жалғыз өмір сүру психология­лық тұрғыда ауыр»

08.07.2022, 11:30 644

Назира  Кенжебекқызы,

психолог:

– Маған отбасын жалғыз асырап отырған әкелер көп келеді. Олар қоғамнан тыс қалып қойған. Ешқандай көмек жоқ. Елімізде арнайы бағдарламалар, жобалар, іс-шаралар мүлде жоқ немесе өте аз. Тек баласы үшін өмір сүріп келе жатқан әкелер өмірдің үлкен соққысымен жүреді. Қандайда бір басқа да қиын жағдайға да­йын болады. Дегенмен еңсесі түсіп, көзіндегі жалын сөнеді. Сондықтан менің беретін кеңесім – екінші рет отау құруды қарастыру. Өйткені ер-азаматтарға жалғыз өмір сүру психология­лық тұрғыда ауыр. Әкелік статус деген түспеуі керек. Ең алдымен, жақын туған-туыстардың қолдауы маңызды. Біздің қоғам әйелдерге көп назар аударады. Ер-азаматтарға мүлде көңіл бөлінбейді. Оларды мықты деп айтқанымызбен, қолдау көрсеткен жөн. Шындығында, ер-азаматтар іштен тынады. Әлемдік статистикаға сүйенсек, ерлер әйелдерге  қарағанда өмір сүру ұзақтығы төмен. Сол себепті  әкелер шынайы көмекке мұқтаж.

«Халық» газетіндегі «Жалғызбасты әкенің

мұңы ешкімді алаңдатпайды» атты мақаладан үзінді.

Мақаланы оқи отырыңыздар:

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: