HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Нариман Мақұлбеков көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Алдымен, алтын құрсақты аналарды келе жатқан «Елорда күні» мерекесімен құттықтап, аудан басшысы аналарға ізгі ілтипатын білдіріп, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапаттады.
Бүгінгі таңда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, аудан бойынша 2 алтын, 13 күміс алқа, яғни барлығы 15 анаға награда келді. Қазіргі таңда аудан бойынша «Алтын алқа» иелері – 952 ана болса, «Күміс алқа» иелері – 1512 ана болып отыр.
Жиын қатысушылар аналарға құттықтау сөз сөйлеп, еліміздегі ана мен бала жағдайын одан әрі жақсарту және демографиялық ахуалды көтеру жайлы сөз қозғады.
Ауданымыздағы өнер саласының қызметкерлері әсерлі ән айтып, аналарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!