HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысының Жарлығы аясында бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданының халқымен кездесу өткізді. Басқосуға Сыр еліне арнайы келген Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Эльдар Күзенбаев қатысты.
Аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, халықтың әл-ауқатын көтерудің бір өлшемшарты – инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту екенін айтты. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше екпін берді.
– Киелі Сыр бойындағы шежіре тұнған, жан сарайы жырға толы асылдар туған, құт мекен Жалағаш өңіріне келіп, Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын!
Біз қазіргі кезде азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне баса назар аударып отырмыз. Сол үшін Жалағаш ауданында 250 гектар жерге қосымша егін егілді.Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында мал басы санында өсім бар. Жалағаш ауданында ет 100,7%, сүт 101,5%, мал басы 101,1%-дан 128%-ға дейін өсті.Ал, су тапшылығын жою үшін Үкіметтен 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде аудандағы Шонық, Бозарық және Әйтек каналдарын механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған қаржыға ауданға 15 дана насос сатып алынатын болады.Облыстық бюджет есебінен ұзындығы 7,9 шақырым болатын «Іңкәрдәрия» каналына тазарту жұмыстары жүргізілуде, оған қоса 6 дана насос қондырғысы сатып алынды, – деді Н.Нәлібаев.
Биыл облыстық бюджет есебінен Жалағаш кентінің Қазбек би көшесінің жарық шамдары және Шаменов ауылына кіреберіс жол жарықтандырылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен биыл Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» теліміне электр және сумен жабдықтау желілері толығымен тартылады.
Білім саласындада серпінді қадамдар бар. Инклюзивті білім беруді қолдау аясында ауданда 3 мектепке инклюзивті кабинет, 3 логопункт ашылады. Сондай-ақ, кенттегі «Ақмаржан», «Күншуақ» және №19 санаторлық типтегі балабақшалардың бу қазандықтары газға ауыстыралатын болады.Биыл Таң елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталады. «Ауыл – ел Бесігі» жобасы аясында Шәменов ауылындағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, Жалағаш кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі пайдаланылуға берілмек.
Жол жөңдеу, газ тарту саласына да айрықша көңіл бөлінеді. Облыс әкімі нысандарды салмас бұрын халыққа аса қажетті деген инфрақұрылым мәселесін шешуді, қаржыны нақты есептілікпен бағыттау керектігін жеткізді.Бүгінде Жалағаш ауданын табиғи газбен қамту үлесі 36,9% құрайды. Сондай-ақ, ауданының 55,2 шақырым жолын жөндеуге 2,1 млрд теңге қаржы қаралып, «Қызылорда-Жалағаш», «Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент-Бұхарбай батыр», Жалағаш кентіндегі және бірқатар елді-мекендегі көшелер жөндеуден өтеді.Басқосу соңында аймақ басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, кезекке сәйкес азаматтарды мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!