Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ: Қазақстан Тигран Кеосаянды террористермен бір тізімге қосты

24.06.2022, 14:35 311

HALYQLINE.KZ

Ресей пропагандисі Тигран Кеосаянды Қазақстан террористермен бір тізімге енгізді. Бұл туралы ақпарат көзіне сүйеніп, ҚазТАГ хабарлады.

«БАҚ Қазақстан Кеосаянды «жағымсыздар» тізіміне енгізуі мүмкін деген ақпарат жарияласымен оны сол тізімге қосқан. Шекарада оның аты-жөні тұсына «қызыл жалау» қойылған. Ол тізімде Кеосаяннан бөлек террористер және Қазақстанда жағымсыз саналатын өзге элементтер де бар» деген ақпарат көзінің сөзін келтірген агенттік бұл ақпарат «рәсімді бүге-шігесіне дейін білетін» адамнан алынғанын айтады.

Басылымның ақпарат көзінің хабарлауынша, бұған дейін ресми деңгейде берілген уәде бойынша, Кеосаян ақыр соңында Қазақстан елге келуін қаламайтын адамдардан тұратын тізімге енгізілген.

«Шын мәнісінде бұл көлемді тізім, оған негізінен террористер және соларға ұқсас өзге адамдар енгізіледі, енді соларға Кеосаян да қосылды» деген ақпарат көзінің сөзін келтірген басылым.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан аумағына келуіне тыйым салынғандар тізіміне Тигран Кеосаянның да енгізілгенін Азаттыққа растады. Оның сөзінше, «мұндай тізім әлемнің барлық елінде бар». Кеосаянды «террористермен» бір тізімге қосудың себебі жайлы сұраққа Смадияров «ол тізімде кім бар, кім жоғын анық білмеймін» деп жауап берді. Оның сөзінше, Кеосаянды әлгі тізімге қосуды Қазақстан сыртқы істер министрлігі ұсынған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: