Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Салық түсімі артты

24.06.2022, 13:50 291

HALYQLINE.KZ

Осы жылдың 5 айында мемлекеттік бюджет 109 пайызға орындалып, нақты 80,655 млрд теңге өндірілді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджет түсімінің 127 пайызын құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кірістер департаменті басшысының орынбасары Әділ Бекішов хабарлады.

– Бес айда республикалық бюджет 100 пайызға, ал жергілікті бюджет жоспары 128 пайызға орындалды. Ал, бюджетке 7,879 млрд теңге қосымша қаржы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 495 млн теңгеге артық. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың аударымдарына қатысты мәселе түсініспеушілік тудырып, қоғамда қызу талқыланды. Бұл өзгеріс салықтан жалтарып жүрген кәсіпкерлерге тікелей қатысты екенін айтқым келеді. Қазір тауар мен қызмет ақысын мобильді аударымдар арқылы алып, таза табысын жасырған бизнес өкілдері аз емес. Елімізде кез келген азамат бір жылдық табысын он екі еселенген көлемде тіркеуі тиіс. Сондай-ақ, салық кодексінің шеңберінде 2025 жылға дейін екінші деңгейдегі банктер арнаулы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруі қажет, – деді Әділ Бекішов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: