Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұнай өнімдерінің нарығы: «PETROSUN» ЖШС ағымдағы қызметтері туралы

20.06.2022, 11:20 257

HALYQLINE.KZ

БАҚ-та және қоғамдық диалогтың әртүрлі алаңдарында «PETROSUN» ЖШС-ның іскерлік беделге нұқсан келтіретін және қызметін бұрмалап көрсететін жарияланымдардың жиілеуіне байланысты компания ағымдағы жағдай мен өз жұмысының қағидаттары туралы хабарлайды.

1. Дизель отыны бағасының бір жылда 42%-ға көтерілуі:

«PETROSUN» ЖШС өз қызметінің ашықтығы принциптерін негізге ала отырып, атап айтқанда барлық мүдделі тараптарға ұтымды шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты ашық түрде уақтылы және толық ұсыну арқылы өзінің бағаларын бірқатар ақпараттық талдау агенттіктерінің басылымдарында апта сайын жариялап тұрады. Бұл ретте компанияның бағаларын нарықтың басқа қатысушылары мұнай өнімдері нарығындағы ең төменгі бағалар – бенчмарк (benchmark) түрінде қабылдайды. Жарияланған ақпаратқа сәйкес «PETROSUN» ЖШС 2021 жылдың мамыр айы мен 2022 жылдың маусым айы аралығында дизель отынының бағасын орта есеппен 21,5%-ға дейін көтерген, соның ішінде акциз бағасының 5%-ға көтерілгені де кіреді. Дизель отынына арналған акциз мөлшерлемесі 1 тоннасына 35 186 теңгеге көтерілгені белгілі, бұл жерде Компания бағаны 1 тоннасына 10 000 теңгеге ғана көтерген, ал бұл акциздің жалпы мөлшерлемесінің 28,42%-ын құрайды.

2. Мұнай өнімдерін таңдаулы контрагентердің шағын тобына өте қолайлы шарттармен сату:

«PETROSUN» ЖШС-да Кәсіпкерлік кодексінің ережелерінде қарастырылған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу жағдайларына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жүйесі енгізілуде. 2021 жылы ҚР тауар нарығында мұнай өнімдерін сату бойынша өз қызметін жүзеге асыратын нарық субъектісінің монополияға қарсы комплаенстің (бұдан әрі – Комплаенс) сыртқы актісі қабылданды және ол актіні Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі дұрыс деп қабылдаған. Жоғарыда аталған Комплаенсқа сәйкес төменде көрсетілген нарық қатысушыларының қажеттіліктері басым тәртіпте (бірінші кезекте) қанағаттандырылады. Пайыздық үлесі бойынша төменде келтірілген статистика нақты жасалған Шарттарға сәйкес алынған.

– Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін операторлар, оларға көктемгі және күзгі дала жұмыстарын арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның қолданылу мерзімінде Компанияның барлық дизель отыны қорының 30%-на дейін ай сайын дизель отыны бөлінеді (сирек болатын кейбір жағдайларды қоспағанда). Аталған бағдарлама жыл сайын ақпан айынан бастап қараша айына дейін қолданылады және оны бірінші кезекте орындау «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңымен бекітілген.

– Ай сайын Компанияның жалпы дизель отыны мөлшерінің 14%-на дейінгі мөлшері «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ-ның локомотивтік бөлімшелерінің қажеттіліктері үшін бөлінеді.

– Биржалық сауда бойынша сатып алушыларға 10% бөлінеді. 2022 жылдың мамыр айынан бастап бензин, дизель отыны мен авиациялық отын тауар биржалары арқылы қайта сатыла бастады.

– Екі және одан да көп облыстарда орналасқан жанар-жағар май стансасы желілерінің қажеттіліктеріне Компанияның жалпы дизель отыны қорынан ай сайын 21%-ға дейін дизель отыны бөлінеді. «PETROSUN» ЖШС контрагенттерінің қатарынан осы жерде аталған талапқа сай келетін жанар-жағар май стансасы желілеріне «Гелиос» ЖШС, «Sinooil» ЖШС, «RoyalPetrol» ЖШС, «QazaqOil» ЖШС (бұрынғы «ҚазМұнайГаз»), «GazEnergy» ЖШС және «Газпромнефть» ЖШС-ның жанар-жағар май стансалары кіреді.

– Өнеркәсіптік тұтынушылардың, оның ішінде қала құраушы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне ай айын 4%-ға дейінгі мөлшерде дизель отыны бөлінеді.

Компанияның жалпы дизель отыны қорының қалған 21%-ы нарықтың қалған қатысушыларының қажеттіліктеріне бөлінеді, оның ішінде әр аймақтағы мұнай базалары арқылы да сатылады. Бұл жерде, егін жинау жұмыстарына тек оңтүстік облыстар тартылған кезеңде, сәйкесінше, «PETROSUN» ЖШС-на Мемлекеттік бағдарламаны орындау бойынша жүктеме азаятынын, мысалы, 2022 жылғы маусымда 5%-ға дейін азайғанын, сондықтан Комплаенс талаптарына сәйкес басым тізімге кірмейтін нарық қатысушыларының қажеттіліктеріне Компанияның жалпы дизель отыны қорының 46%-на дейін жіберілгенін атап өту қажет. Нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі ретінде «PETROSUN» ЖШС-ның қызметі ҚР Кәсіпкерлік кодексінің нормаларымен реттеледі және Компания нарықтың барлық қатысушыларына мұнай өнімдерін бірыңғай шарттармен және бірдей бағамен сатады.

3. Мұнай өнімдерін сатып алуға қатысты сұратымдардан үнемі бас тарту:

Біздің Компания мұнай өнімдері нарығында мұнай өнімдерін сататын (босататын, бөлетін) жалғыз компания емес. Бізбен қатар, осындай қызмет түрін тағы да бірнеше ұйымдар көрсетеді. Бірақ, «PETROSUN» ЖШС-дағы мұнай өнімдері бағаларының тартымдылығы себебінен мұнай өнімдерін сатып алуға деген сұраныстардың негізгі бөлігі бізге түседі. Бұл ретте, біздің ресурсымыз шектеулі екенін және біз қаншалықты қалап тұрсақ та, мұнай өнімдері нарығының барлық субъектілерінің қажеттіліктерін (сұраныстарын) қанағаттандыра алмайтынымызды айтуымыз қажет. Оған дәлел ретінде 2022 жылдың сәуірі мен мамыры аралығындағы статистиканы көрсетеміз:

– Осы аралықта 980 495 тонна дизель отынын сатып алуға сұраныс түскен;

– Ал осы аралықта «PETROSUN» ЖШС үшін мұнай өңдеу зауыты жалпы көлемі – 573 112 тонна дизель отынын өндірген.

Осы мәліметтен «PETROSUN» ЖШС-на дизель отынын сатып алу үшін хабарласқан субъектілердің сұраныстарын қанағаттандыру мүмкін еместігін көруге болады. Сонымен қатар, «PETROSUN» ЖШС мұнай өнімдерін сату-сатып алу бойынша 2000-нан астам контрагенттермен шарт жасасып қойғанын да ескеру қажет.

4. Компанияның ашық емес заңсыз қызметі:

Мұнай өнімдерінің нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъекті ретінде Компанияның қызметіне ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің тарапынан, сондай-ақ Агенттіктің орталық аппараты тарапынан да тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

2022 жылдың қаңтар айы мен сәуір айы аралығында Компанияда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан бірқатар тексерулер жүргізілген және кейбір тексерулер әлі де жүргізілуде.

4.3. «PETROSUN» ЖШС ашық ұйым болып табылады және оған Компания сайтының форматы мен мазмұны дәлел бола алады. Компанияның ішкі саясатымен қарастырылған «PETROSUN» ЖШС қызметінің барлық нормалары, шарттары мен ережелері Компанияның сайтында жарияланған және нарықтың барлық қатысушылары үшін бірдей ереже болып табылады.

5. Petrosun қызметінде мұнай өнімдерінің нарығына қатысушыларға және жалпы жұртшылыққа қатысты әлеуметтік жауапкершіліктің болмауы:

Бұл жерде Компания ауылшаруашылығы жұмыстарын арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі және жылыту маусымына қажетті мазутпен қамтамасыз ету жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және толық көлемде орындап келе жатқанын тағы да айта кеткеніміз жөн.

2022 жылдың қаңтар айы мен мамыр айы аралығында «PETROSUN» ЖШС Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Энергетика министрлігінің сұйытылған мұнай газының бағасын мемлекеттік реттеуді енгізгеннен кейін сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдардың электронды сауда арқылы 2021 жылғы желтоқсанда Компаниядан сатып алған газ көлемдерінің шығындарын өтеу жөніндегі үндеуіне ерікті түрде ат салысып, тиісті шараларды қабылдағанын және көрсетілген өтемақыны есептеу бойынша жергілікті атқаушы органдармен бірлесіп, үлкен көлемде жұмыс жүргізгенін айтуымыз қажет. Салыстырып тексеру және есептеу бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін «PETROSUN» ЖШС шығындарын қайта есептеу бойынша хабарласқан барлық сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдарға 1,2 миллиард теңгеден астам шығындарын олардың шоттарына аударып берді. 2022 жылдың 10 маусымында сұйытылған газбен жабдықтаушы ұйымдардың шоттарына өтемақы аудару жұмыстары толық аяқталды.

«PETROSUN» ЖШС өзінің қызметіне қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпарат көздеріне немесе тікелей Компанияға жүгінуге шақырады. Сонымен қатар, «PETROSUN» ЖШС БАҚ-қа жарияланған өз қызметіне сәйкес келмейтін жарияланымдар мен кез келген қоғамдық диалог алаңдарындағы ақпаратқа қатысты өзінің құқықтары мен абырой-беделін қорғау үшін заңмен қарастырылған шараларды қолдану құқығын өзінде қалдырады.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: