Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Моншақтай әңгімелер

07.04.2022, 9:00 379

АТАҒЫ  БАР

Болмаса да алып, дүр атағынан ат үркір.

ҚОРҚЫНЫШТЫ  ҚАТПАРЛАР

Ер адам сақайған кезінде өз бетінің әжімінен емес, әйелінің бетіндегі қатпарлардан қатты қорқады.

ТАРИХПЕН  ОЙНАМА

Анау да, мынау да тарихта қаламын дейді. Соған қарағанда болашақтың тарихын өздері жазып кететін сияқты.

ЖОЛ

Аудаңдаған әкімдерге асатып қойсаң, жылтыңдаған журналистерге «жем» салып қойсаң, бұлтыңдаған блогерлерге бірдеңе қыстырып қойсаң, ат-атағың аспандап, сен депутат болмағанда кім болады?!

БОЛДЫРА  АЛМАДЫ

Бүкіл әлем түгілі әйелінің мәселесін де шеше алған жоқ.

ТОЗҒАН  АУ

Бір орыннан бір орынға ауыса-ауыса  ауы тозды…

ӘЙЕЛ

Етегіңнен ұстап еріп келіп, аяғында жетегіне алып жетектеп кетеді…

МАҚТАҒЫШТАР

Біздің қауым бас салып мақтаудан басқа сөз айтуды ұмытып қалған сияқты… Алды-артына қаратқызбай көпшік қоя жөнеледі де, кім-кімді де есін жинатпай естен тандырып-ақ тастайды…

САНДАЛТҚЫШ

Жоғарымен де, төменмен де сыбайласып-шатысып қалғаны сондай – тексеріп-тергеушілер шет-шегін таба алмай, сандалып, ақыр аяғында далада қалды.

Ерғали  АБДУЛЛА,

Арал  қаласы

(Басы өткен сандарда.  Жалғасы бар)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: