Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұмар патшайым жайлы 10 дерек (2-бөлім)

08.03.2022, 16:00 605

6. Ол әкесі ұйымдастырған мерекелік жиындардың бірінде болашақ күйеуі Рұстамды кездестірген. Рустам — тиграхауда-сақтардың патшасы Каводаның ұлы. Бірде бір рет жеңіліп көрмеген, мықты сарбаз болған. Рұстамның қайраттылығы мен қайсарлығына тамсанған Тұмар оны өзіне тең келетін, іңкәр сезіміне лайықты жан деп шешіп, оған тұрмысқа шыққан. Алайда, Рұстам шаңырақ көтергеннен кейін әйеліне жаңа қырымен танылып, көңілін қалдырған екен. Майданда батыр жауынгер қарапайым өмірде күн сайын думандатып той тойлаудан шаршамайтын қарапайым жан еді. Еңбекқор, қайсар мінезді Тұмар жолдасы ұстанған өмір салтын түсінбейтін. 

7. Патшайымды тақтан құлатуды көздегендер аз емес. Тұмармен тіл табыса алмаған, одан қорыққан тайпа көсемдері бар өтініштерін ақкөңіл, көңілшек Рұстам арқылы жеткізетін.   

8. Сақ патшайымы Тұмар — жауынгер әйелдердің пірі. Ол бірінші болып мыңдаған жауынгер әйелдерден әскери жасақ құрған. Әйелдер батырлық жағынан ер адамдардан кем түспеді. Ер кісілер секілді майданда өлімнен қорықпай батыл шайқасты. 

9. Геродот «ең ұлы және ең қатыгез» деп атаған шайқас сақтар мен парсылардың арасында өткен. Шамамен б.з.д  530-529 жылдары көптеген елдерді бағындырып, «Азия билеушісі» деген атпен танылған Мидия патшасы Кир Ұлы даланы бағындыру үшін жорыққа шықты. Шайқастардың бірінде ол Тұмардың күйеуі Рустамды өлтіріп, баласын тұтқынға алды. Патшайымның ұлы Спаргапис тұтқында қаза тапты. Алайда, ақтық шайқаста массагеттер парсылардың күл-талқанын шығарып, жеңіске жетеді. 

10. Патшайым қайтыс болғанда сақ әскер мен жерін бір емес, үш ер кісі басқарған

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: