Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының негізін қалаушы

15.02.2022, 16:00 1244

Жүрегіне әз-ұлты үшін білім нұрды жинаған,

 Кеудесіне сар даланың ұлылығын жинаған.

Жинағанын жомарттықпен өз халқына сыйлаған,

 Сондадағы өз халқының маңдайына сыймаған.

Қасиетті, о, өр-тұлға, жан Ахаң!

Қауыштың-ау, қауыштың-ау, халқыңменен,

 Оғандағы мың тәуба!!!

«Ел бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деп бар ғұмырын ұлтының мұратына сарп еткен мемлекет қайраткері, қазақ ғылымының бірнеше саласының  негізін қалаған ғалым, ақын, публицист, балалар әдебиетіндегі ірі тұлға – Ахмет  Байтұрсынұлының ой-тұжырымдары мен пікір-байламдары өз заманынан бастап бүгінгі күнге дейін аса құнды. Сонымен қатар, әрбір жаңа оқу жылы жағымды жаңалық, тың өзгерістермен басталатыны анық. Қай бір білім ұясы болмасын, жаңа оқу жылының алдында өткенін тағы бір сараптап алып, алдағы кезеңге жоспар жасайды.

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектепте «Атаулы күндер, айтулы тұлғалар» жобасы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлттық ғылымының негізін қалаушы» тақырыбында қалалық педагогикалық оқулар ұйымдастыруда. Мақсаты – Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай оқу-тәрбие жүйесіндегі соңғы  инновациялық  жаңалықтарды тарату, озық тәжірибелерді насихаттау, педагогтардың әлеуметтік, зияткерлік танымын және үздіксіз білім алу мүмкіндіктері мен мәселелерін талқылау.

Педагогикалық оқудың 3 секциялық бағыттан құрылған:

1) «Ахмет Байтұрсынов – балалар әдебиетіндегі  ірі  тұлға» бағыты. Мұнда А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіндегі ролі, шығармаларының ерекшелігі, ұлттық құндылықтар негізіндегі тәлімдік мәні мен мазмұнын ашу көзделген.

2) «Ұлы ұстаз шығармаларының тәрбиелік мәні» бағыты. Бұл бағыт бойынша А.Байтұрсыновтың еңбектеріндегі тәрбиелік бағытты сипаттайтын тақырып төңірегінде практикалық бағыттағы сыныптан тыс іс-шаралар сценарийімен бөліседі.

3) «Ұлттық руханият контексінде  қазақ тіл біліміндегі инновациялық бағыттардың А.Байтұрсынұлы еңбектерімен сабақтастығы» бағыты білім  беру жүйесінде  ұлттық  және  жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны  қалыптастыруға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау мазмұнына негізделген.

Аталмыш бағыт тақырыптары төңірегінде қалалық мектептер өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстары іріктелуде. ең үздік жұмыстар 25 ақпан күні zoom платформасы арқылы қорғалады. Таңдалған жұмыстар  1, 2 , 3 орындармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификат берілетін болады. Іріктеуден өткен материалдар  жинаққа шығарылады.

Жулдыз АСКАРОВА,

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп директорының

 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: