Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Науқастармен 485 адам байланыста болған

01.04.2020, 17:02 502

Бұған дейін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 25-ші науқастың тіркелгендігін жазған едік.

Қазіргі күні анықталған 25-ші науқас – 28 жастағы ер адам, Жаңақорған ауданының тұрғыны. Ол осы ауданда алдында анықталған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан оқшауланған болатын. Бүгінде жағдайы қанағаттанарлық. Жалпы, облысымызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста, байланыста болған 485 адам анықталды. Оның 133-і – карантиндік стационарда, 302-сі үй карантинінде жатыр, – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Әбдусаметов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Облыстың бас дәрігері инфекция жұқтырған 25 науқастың барлығы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатқандығын айтты.

Пікірлер:
  • Қазыргі еліміздегі өрбіп жатқан індет,әрбір азаматтан үлкен жаувпкершілікті талап етеді.Мен отбасымнан бастап,барлық жақындарыма қатты алаңдаулымын.Сондықтан үйден шықпай індетті тасымалдаушы рөлін атқармай отыруға шақырамын.Ол сіздердің қолдарыңыздан келеді.Жерлестер барынша сақтық шараларын сақтайық!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: