Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 65 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

31.01.2022, 17:30 444

Бүгінгі күні облыс тұрғындарын ревакцинациялау үшін «QazVac», «SinoVac», «Pfizer», «Спутник Лайт» препараттары қолданылуда. Ал ревакцинациядан барлығы 64 921 адам өтті. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова хабарлады.

– Соңғы тәулікте облыста коронавирустық инфекцияның 55 жағдай тіркелді. Ал қаңтар айының қорытындысымен коронавирус инфекциясын жұқтырудың 4 176 жағдайы анықталды. Қызылорда облысы 30 қаңтардан бастап «сары» аймаққа енді. Тиісінше, аурушаңдық деңгейі төмендей бастағаны байқалады. Дегенмен, босаңсуға болмайды. Қазіргі таңда 2 327 белсенді ошақ бар. Барлығына індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. Сондай-ақ, облыс бойынша вакцинацияның I компонентін алғандар 92,9 пайызды құраса, ІІ турын 89,3 пайыз тұрғын алды. Облыс азаматтарын вакцинациялау үшін «QazVac», «SinoVac», «Pfizer» препаратары жүргізілуде, – деді Әлия Әбдіқайымова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: