HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысында 668 мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен мектеп жанындағы 81 шағын орталықтардың жұмысы қайта жанданды.
Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында сақтық және қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады.
Естеріңізге сала кетейік, облыста төтенше жағдай енгізілуіне байланысты барлық балабақшалар уақытша өз жұмыстарын тоқтатқан болатын.
Мұғалімдер де штаттық режимде жұмысқа қосылатын болады. Ал, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен мектептер 17 қаңтардан бастап іске қосылса, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттеріне академиялық күнтізбеге қарай 24 қаңтардан бастап сабақ басталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!