Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматы: Қақтығыс кезінде 4 жастағы қыз қаза тапты

09.01.2022, 13:55 411

HALYQLINE.KZ Алматыда 7 қаңтарда тәртіпсіздік кезінде 4 жастағы қыз қаза тапты. Бұл туралы балалар омбудсмені Аружан Саин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«4 жастағы қыз қаза тапты. Жасөспірім қыз жарақат алды. Олар Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерімен қозғалып бара жатқан, көлік ішінде төрт бала мен бір ересек отырған. Оқиға 7 қаңтарда болды», – дейді Аружан Саин. 

Омбудсменнің сөзінше, ақпаратты әкімдік пен мәйітханадан алып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Аружан Саин 5 қаңтарда Алматыда бір бала оқ тиіп қаза болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, 7 қаңтарда Алматыдағы балалар ауруханасының біріне ауыр жарақаттармен 15 жастағы бала түсті. Омбудсмен бұл уақытта балалар ата-анасымен қала көшелерімен серуендеп жүргенін айтты. 

«Мен ата-аналар мен ересек адамдарға үндеу жасаймын – өтініш, балаларды байқаңыздар! Үйде отырыңыздар! Терезеге жақындамаңыздар! Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар! Қажет болған жағдайда БҒМ байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: +7 7172 74 25 28, +7 7761 70 73 83, +7 777 183 65 67, +7 701 378 66 29. Із-түссіз жоғалған балалар бойынша 1414 нөміріне хабарласыңыздар», – деді омбудсмен. 

Аружан Саин Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Президенттің барлық шешімін қолдайтынын да айтты. 

«Бірақ көбі өзімізге байланысты. Сақ болыңыздар, құқық қорғау органдарына халықты қорғауға мүмкіндік беріңіздер», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: