Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елде әлеуметтік жарылыс болуы мүмкін

10.12.2021, 12:35 454

HALYQLINE.KZ

Қасым- Жомарт Тоқаевтың президент болғанына да, міне, екі жарым жыл болды. Осы уақытта не істеді? Саяси реформалар жасай алды ма? Экономикада өзгерістер болды ма? Әлеуметтік салада серпін бар ма? Қайдам? Үлкен өзгерістерді көріп тұрған жоқпын. Тіпті президенттің ел аралағанда ғана бұқарамен кездескені болмаса, тікелей жүздескенін көрмедік. Ал ел аралағанда ол даярлап қойған адамдар ғана, үйретіп қойған сұрақтарды қояды. Президент соған жауап береді. Кәдімгі спектакль. Басқа ешнәрсе емес. Меніңше президентке халықпен тікелей байланыс орнатуы керек. Сонда ғана мемлекет басшысы қазіргі қалыптасып отырған нақты жағдайды біледі. Халыққа не керек екенін түсінеді. Халықтың тұрмысы тым төмендеп бара жатқанын сезінеді. Ал, қазір ше? Үкіметтің, министрлердің, өзге де басшы орындардың өтірік, жалған ақпараттарына ғана сеніп отыр. Шынын айту керек, қазір жағдай тым қиын. Баға аспандап кетті, күнкөріс қиындады. Бұлай жалғаса берсе, түбі әлеуметтік жарылыс болары сөзсіз. Сондықтан президент әлсін-әлсін халықпен тікелей байланысқа шығып, елдің мұң-мұқтажына қанығып отырғаны жөн.

Азаматхан Әміртай,

ЭкоПартия «БАЙТАҚ»

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: