Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алыс ауылда балабақша ашылды

09.12.2021, 15:40 843

HALYQLINE.KZ

«Сырдария» өзенінің Арал теңізіне құярлығында бұйығы жатқан бір ауыл бар. Қарашалаң деген. Атакәсіптен нәсіп теріп отырған байырғы тұрғындардың күнкөрісі – балық. Берекесін теңізден тапқан елді мекеннің адамдары – барға қанағат, жоққа сабыр дейтін ақеден жандар. Соның айқын дәлелі, аталмыш ауылда атам заманнан, яғни, кеңес одағы кезінде де, бүгінгі егемен ел болғалы отыз жыл ішінде де балабақша атымен болмаған. Енді міне, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қарашалаң ауылында «Тамырлан» жеке бөбекжай-бақшасы ашылып, тұрғындар көзайымына айналып отыр.

Жеке кәсіпкер Мейрамбек Төлегенов мұрындық болған балабақшаның ашылуында ауыл ақсақалы Өмірзақ Досжанов бата беріп, ауыл азаматы Сағындық Демеуов екеуі лентасын қиды. Жекеменшік әріптестік аясында пайдалануға берілген «Тамырланда» 40 бала тәрбиеленетін болады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталмақ. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін балабақшада тәрбиеленіп жатқан сәбилер деп білеміз.

Балабақша сыңғырлаған пәк сәбидің күлкісі, бақытты балалық шақтың бал дәмі, бақыт мекені болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: