Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жолсерік болғыңыз келе ме, 400 мың теңге беріңіз»

25.11.2021, 17:15 615

HALYQLINE.KZ

23 қараша күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан. Жәбірленуші азаматшаның арызында бейтаныс біреу 2019 жылдың қаңтар айында теміржол мекемесіне «жолсерік қызметіне жұмысқа орналастырып беремін» деп, оның 400 мың теңге ақшасын алдап алған. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сашылары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстады, ол 48 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері күдіктінің тағы да алаяқтыққа қатысы бар-жоғын анықтауда.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмас үшін, бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді. «Өзін түрлі мекеме қызметкерімін деп таныстырып анықтайтын құжаты болмаса, өз үйіңізге танымайтын адамдарды кіргізе бермеңіз. Ешкімге сенбеңіз және алаяқтың арбауына түсуден аулақ болыңыз», – дейді тәртіп сақшылары.

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: