Адамдар Өмірге бірдей сұрақ қойды: «Мен неге бұлай өмір сүріп жүрмін?».
Бірінші адам:
– Үнемі ауырамын, жолым болмайды. Неге? Бүкіл сәтсіздікті өзіне тартатын магнит сияқтымын…
Өмір:
– Өйткені сен бәрін керісінше істейсің. Бүкіл әлемге ренжулісің. Кекшілдік пен өшпенділіктің қақпанына түскенсің. Ал өмірді БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА өткізу керек. Өзіңе, айналаңа, Құдайға разылықпен. Сонда ғана бақытты боласың.
Екінші адам:
– Үнемі біреумен таласамын да, бірдеңеге ұрынамын да жүремін. Неге бұлай?
Өмір оған былай жауап қайырды:
– Сен ересек жасөспірім сияқтысың. Бүлік шығарасың да жүресің. Өзіңді тоқтата алмайсың. Өмірді ШҮКІРШІЛІКПЕН өткізу керек. Бақыт сол кезде келеді.
Үшіншісі:
– Ал мен тек жұрттың пікіріне тәуелдімін. Өзіме сенімсіздік басым…
Өмір:
– Сен өзіңдегіні бәрі қызғанғанын қалайсың. Керісінше басқалардың СЕНІ ҮЛГІ ТҰТЫП, шабыт алғанына қуан. Сол кезде бақыт өзі іздеп табады.
Келесі кісінің сұрағы мынадай:
– Үнемі күйзеліс үстінде, шаршап жүремін. Оның себебі неде?
Өмір:
– Сенің айыбың – әрдайым өзгелерге бірдеңені дәлелдегің келетінінде. Өмірің тек теоремалардан тұрады екен. Бірақ бұл ешкімге керек емес. Сен соған көп уақыт пен күш жұмсайсың. Басқаларға өз ойыңды таңумен әлексің. Ал өмірді БАҚЫТ АКСИОМАСЫНДА сүру керек.
Бесінші біреу:
– Ал менің өміріме көңілім толмайды.
Өмір:
– Себебі сен өзіңді тек көрсетуге асықсың. Шынайылық қайда? Адам ҚАЛАЙ БАР, СОЛАЙ КӨРІНУ керек. Сонда ғана бақытқа қол жеткізесің.
Ендігісі:
– Өмір іш пыстырарлық, қызықсыз…
Өмір:
– Өйткені өмір сені айналып өтіп барады. Сен басыңды бұғып қалдың. Адам өмірді ол саған тоқтап, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТАТЫНДАЙ, БІР ЕЛІ КЕТПЕСТЕЙ етіп өткізу қажет. Бақыт деген сол!
Жетінші адам:
– Ешкім маған қуаныш сыйламайды. Неге мен осылай өмір сүруге тиіспін?
Өмір сонда:
– Өйткені сен қалауыңдағы өмірді сүріп жатқан жоқсың. Қуаныш та өзіңдікі емес. Өзіңді, сезіміңді, тілек-арманыңды, сөзің мен сезіміңді, кітабыңды, фильм, ән, араласатын ортаңды тап. Айналып келгенде ӨМІРІҢДІ ТАП. Бақыттың кілті сонда уысыңа түседі, – деп жауап берген екен.
Нина Сумирэ
Аударған: Назерке Саниязова
(Көрнекі фото интернеттен алынды)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!