Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр спортының соны серпіні

18.11.2021, 14:30 393

HALYQLINE.KZ Сыр еліндегі спортшылар 1 жыл ішінде мыңға жуық медаль алып, аймақ абыройын еселеген. Әлем және Азия чемпионаттарында 66 медаль, республика чемпионаттары мен кубоктарында 851 медаль жеңіп алған. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өткен баспасөз конференциясында кеңінен тоқталды.

– Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік спорттық тапсырыстың қаржысын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында өңірде 7 спорт кешені пайдалануға берілсе, 6 спорт кешенінің құрылысы жалғасуда. Әрине, қазіргі жастар спорттық мансабында жетістікке жеткен чемпиондарға қарап өседі. Бұл ретте күллі әлемге танымал жерлесіміз Илья Ильиннің жеңісі және спорттағы жолы кейінгі жас чемпиондардың қалыптасуына ерекше әсер етті. Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Рахат Бекболат елдің атынан әлемдік додаға қатысып, жүлделі орын иеленіп жүр. Қазірде Илья Ильин «Мұз айдыны» кәсіпорнының директоры қызметімен қатар бапкер ретінде де жұмыс істеуде. Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаудың шебері Элизабет Тұрсынбаева да шәкірт тәрбиелеу үшін аға жаттықтырушы қызметін бастады. Алдағы уақытта спорт шеберлерін даярлау ісінде жаңа жобаларды іске асыратын боламыз, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Биыл Токио олимпиадасында Қазақстан Олимпиада құрамасының ту ұстаушысы, қызылордалық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлдегер атанды.

Айта кету керек, облыстағы спорт нысандары жанынан түрлі секциялар ашып, балалардың тегін айналысуына мүмкіндік жасалған. Соның нәтижесінде 7 мыңнан аса секцияда 100 893 балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылдануда. Сондай-ақ, Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес басталған мемлекеттік спорттық тапсырыс жобасына облыстық бюджеттен 212,7 млн теңге қаржы бөлініп, 2156 бала тегін спорттық секциялармен қамтылып отыр. Алдағы жылы жылы 4312 балалар үшін 638 млн теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Өткен жылы аймақта дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың үлесі 31,3%-ды құраса, биыл межені 34%-ға көтеріледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: