Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Браконьер» заңсыздықтың алдын алады

15.11.2021, 12:45 656

HALYQLINE.KZ

Жасыратыны жоқ, елімізде табиғатты қорғау заңнамасын бұзып, табиғатты заңсыз пайдаланушылар аз емес. Сондықтан экологиялық қылмыс пен құқықбұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп тұрады. Соның дәлелі ретінде ағымдағы жылдың қазан айының 20-сы мен қараша айының 19-ы күні аралығында Қызылорда станциясы ЖПб-нің қызмет атқару аймағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Осы арқылы ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ сексеуілді кесу және сату, инертті материалдарды заңсыз табу, заңсыз алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін, мүйіз, ет, тері, өсімдіктер және оның тамырларын сатып алу, өткізу, сатумен заңсыз айналысатын топтар мен адамдар анықталады.

Н.Қыдырәліұлы,

Қызылорда ст.ЖПб ӘПб АҚҚАБт инспекторы, полиция майоры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: