Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Менің тілім – мәңгілік тіл!

11.11.2021, 14:30 4958

HALYQLINE.KZ  Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұтып, басқа ұлттарға насихаттау керек. Өйткені, халықтың даналығы, жырлары, шежірелері сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болмасын қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына Ана сүтімен дарып, қалыптасады. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза, ең бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. «Ана тілі – халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі».

Менің бойыма дарыған Ана тілімді , туған анамның ақ сүтімен келгенін кіщкентай ғана жүрегім сезеді. Мен өзім мектеп табалдырығын аттағалы ұстаздарымның берген тәлім-тәрбиесінен білетінім міне, осы тілге деген махаббатым, құрметім биік болса, сол биіктік – менің бойыма өшпес із қалдырған – ұлағатты ұстаздарым деп білемін. Менің тілімнің мәңгілік екенін, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқып, біліп, Отанымызға, тілімізге деген жыр, өлеңдерімізді арнап, эссе жұмыстарын орындап, білімімізді шыңдай түсеміз. Сыныптастарым да бірінен-бірі қалмай арнау жазып, ұстазымыз болса «Бөреме әдісін» пайдаланып, үнемі бізді – білімпаздыққа , шапшаңдылыққа, тіл шеберлілігіне, ақындыққа баулу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Осындай әдіс арқылы менің тіл туралы өлең жазып, Ана тіліме деген жанашырлығым оянды. Мен өз тілімді мақтан тұтудан еш шаршамаймын. Ана сүтімен бойыма дарыған туған тілім құрып кетпес үшін, аяқ асты болмас үшін, мен өз тілім жайында оқығаным мен тоқығанымды айта бермекпін.

Ұлту НАГИМЕТУЛЛЕВА,

№85 мектептің 5 «Б» сынып оқушысы,

Назира ЖАКИПОВА,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қармақшы ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: