Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қараша – NEET санатындағы жастармен жұмыс айы

02.11.2021, 9:45 673

HALYQLINE.KZ NEET термині – ағылшын тіліндегі Not in Education, Employment, or Training (оқымайды, жұмыс істемейді, қайта даярлаудан өтпейді) деген сөздерінің біріккен формасы. Қазақша таңбаласақ оқуға, еңбектенуге, ізденуге құлықсыз және саяси, азаматтық белсенділігі төмен жастар категориясы. Жас шекарасы 15-28 аралығын қамтиды.

Барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары», жергілікті әкімдіктер, ішкі істер органдары, білім бөлімдері, кәсіподақтар, қорғаныс істері жөніндегі департамент, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы және т.б. салалар бірігіп, өңіріміздегі НИТ санатындағы жастардың дерекқорларын базасын жасақтап, аймақ жастарының әлеуметтік картасын әзірлейтін болады. Аталмыш жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Екінші кезеңде, жинақталған мәліметтерге сараптама жұмыстары жүргізіліп, жастар арасындағы жұмыссыздықпен күрес, маусымдық жұмыстарды және өзін жұмыспен қамтитын азаматтардың қызметін заңдастыру және т.б. кешенді шаралар жүзеге асатын болады.

Бүгін қарашаның алғашқы күні Қазалы ауданында NEET санатындағы жастармен жұмыс науқаны басталып кетті. Облыс орталығынан барған мамандар алдымен Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлымен кездесіп, аудан жастарының жай-күйі талқыланды. Сонымен қатар, аталған санаттағы жастарды қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында тиісті мекемелердің ықпалының маңыздылығы аталып өтіліп, тиісті ұсыныстар берілді. Одан әрі мамандар 3 күн бойы аудандағы Алға және Ақжона ауылдық округтерінде зерделеу жұмыстарын жүргізбек. Зерттеу жұмыстары арнайы дайындалған сауалнама бойынша жүзеге асырылады. 

3 қарашадан бастап Арал ауданы, Қармақшы ауданы және Шиелі ауданында жұмыстар басталса, Жалағаш ауданы, Сырдария ауданы және Жаңақорған ауданындағы жұмыстар 9 қарашадан бастап жалғасын таппақ.

Облыстық жастар ресурстық орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: