Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш емхана екпе егу жұмыстарын толық аяқтады

27.10.2021, 9:15 511

Бүгінде аймақтағы эпидемиологиялық ахуал күн санап жақсарып келеді. Қалыпты жағдайға қайта оралу үшін вакцинациялаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпараттық жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде №1 қалалық емханада коронавирусқа қарсы екпені 25256 адам жоспарлап 100% қамтылса, Жалағаш және Қармақшы аудандары да вакцинация жұмыстарын жоғары деңгейде сәтті аяқтады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов баяндады.

«Өңіріміздегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет тіркелгелі бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 18639 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 11 жағдай анықталды. Жалпы емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыста екпе салдыру жұмыстары басталғалы бері вакцинацияның 1 компонентін 355 594 адам салдырса, екінші компонентпен 286 447 адам қамтылды. Бүгінде тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптасып келеді. Дегенмен сақтық шараларын орындау әлсіремеуі тиіс», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: