Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

26.10.2021, 10:30 319

HALYQLINE.KZ Облыс көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 25 қазан сағат 09:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Әйтеке би кентінде жанармай құю бекеті тұсында 22 жастағы ауыл тұрғынының қару ұстап келе жатқанын көріп тоқтатқан.

Тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: