Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

15 қазан – Дүниежүзілік қол жуу күні

15.10.2021, 14:20 751

HALYQLINE.KZ БҰҰ Бас ассамблеясы ЮНИСЕФ балалар қорымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп 2008 жылы жыл сайын 15 қазанда «Дүниежүзілік таза қол күнін» (Global Handwashing Day) өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл күн қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыруға арналған.

Дүниежүзілік таза қол күні жеке гигиена негіздеріне арналған. Оның басты мақсаты – үйде де, одан тыс жерлерде де қолды жууды дағдылы әрекетке айналдыру.

Қолды тамақ пісірер алдында және дастарқан дайындамас бұрын, тамақтанар алдында, көшеден келгенде немесе қоқыс шығарғанда, қоғамдық орындардан үйге оралғанда немесе қоғамдық көлікте жүргеннен кейін, дәретханаға барғаннан кейін, жараны емдеуден бұрын және кейін, үй жануарларымен ойнағаннан кейін және т.б. жуу керек. Бұл диарея ауруының деңгейін 40 пайыздан астам, ал тыныс жолдарының инфекциясын 25 пайызға дейін төмендетеді.

Қолдың тазалығы – салауатты өмір салтының негіздерінің бірі.

Қызылорда облысы бойынша өңірлендірудің

ІІІ деңгейдегі босану орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: