«Өзіме сенімді бола бастағаным сол еді, сахна көзімнен бұлбұл ұшты. Ұтылғаныма мойынсұнғанымда, жеңіске қол жеткіздім. Адамдарға ең зәру сәтімде олар менен теріс айналды. Жыламауды үйренгенімде, иығын тосатын жанға жолықтым. Мен дүниені жеккөріп үйренген кезімде, әлдекім шын сүйіп, махаббатқа сендірді. Не жоспарласаң да, өмірдің саған деген жоспарын біле алмайсың. Жетістік сені әлемге танытады. Бірақ сәтсіздік саған әлемді таныстырады. Әрдайым бақытты сезіне білу керек. Үміт өшіп, бәрі бітті деген сәтте көктегі Құдай жымиып, «Қымбаттым, бұл бар болғаны кезекті бұрылыс, бәрі бітті деуге тым ерте» дейтіндей.
(с) Софи Лорен
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!