HALYQLINE.KZ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласында республикалық «Күміс домбыра» жыр бәйгесі өтті. Аламан айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суырып салма ақындар қатысты. Жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылған өнер додасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4-курс студенті Бексұлтан Орынбасар жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
– Әрине қарсыластарым мықты болды. Бұл жерде біздің мақсатымыз – сөз таластыру емес, тыңдарманның көңіл түкпіріне ой салу. Тәуелсіз елдің ұланы ретінде еліміздің жеткен жетістігі мен жастарға берілген мүмкіндіктерді жырладым. Нәтижесінде жүлдегерлер қатарынан көріндім. Кеңдігімен танылған байтақ елімді жырлаудан шаршамаймын, – деді Бексұлтан Орынбасар.
Байқауға 30 үміткер өтініш берген. Оның 16-сы іріктеуге өтіп, 8 жұп бақ сынады. Жеңімпазға «Күміс домбыра» табысталып, қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!