HALYQLINE.KZ Мектебіміздің STEM кабинетінде 9-сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбындағы TEDx форматындағы конференция өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Баймаханованың ұйымдастыруымен өткен аталмыш шарада оқушылар ағартушы-педагог, ғалым-лингвист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларына байланысты баяндамаларын жасап, оның қазақ тіліне қосқан үлесі жайлы сөз қозғады. Тақырып төңірегінде қатысушы ұстаздар мен оқушылар назарына ұлы көсеміміз жайлы бейнежазба мен естелік суреттер, кітаптар көрмесі ұсынылды.
Жалпы, Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты – саналы ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу. «Басқадан кем болмау үшін, біз білімді және бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек», – деді ұлт ұстазы.
Жиынға Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының маманы, аға оқытушы Балауса Төребай қатысып, Ахаңның мол мұрасы мен еңбегі жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, үздік баяндама жасаған оқушыға алғысын айтып, орталық атынан сыйлығын табыс етті.
Конференция соңында конференцияға қатысқан барлық оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
Пейішкүл ТАЖИЕВА,
№43 Ж.Махамбетов атындағы орта мектептің кітапханашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!