Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Індеттен сақтанудың ұтымды жолы қайсы?

29.09.2021, 16:30 347

HALYQLINE.KZ Аймақта бірқатар карантиндік талаптар жеңілдетіліп, азаматтардың қалыпты өмір сүруіне тиісті жағдайлар жасалынуда. Дегенмен коронавирус індеті әлі күнге дейін толықтай жойылған жоқ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің дәрігері Нұргүл Скакова өңірдегі эпидахуалға тоқталып, тұрғындарды сақтық шараларын сақтап, індетке қарсы екпе алуға шақырды.

«Індеттен сақтанып, қауіпсіздікті барынша арттырудың ең тиімді жолы – оған қарсы екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Бұл бұрынғы қалыпты өмір сүруімізге және жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі. Ұжымдық иммунитет қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Нұргүл Жанайқызы.

Ал облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Умида Мирашқызы дертпен күрестегі өзінің тәжірибесімен бөлісіп, індетке қарсы вакцинаның маңыздылығына тоқталды.

«Ауру өршіп, дерт дендеген уақытта провизорлық стационарда жұмыс істеп, еңбек өтілі жоғары әріптестеріммен иық тіресе қызмет еттім. Жасыратыны жоқ өкпесі қысылып, ауа жетпеген науқастарды емдеп, оларды ажалдан арашалау оңай міндет болған жоқ. Сын сәтте біз өз қызметімізді жоғары деңгейде атқара алдық деп санаймын. Қазіргі күні облысымыздағы екпе алуға жататын тұрғындардың жетпіс пайыздан астамы вакцина қабылдаған. Ендігі кезекте осы көрсеткішті көбейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға атсалысуымыз қажет. Әр адамның саулығы – өз қолында», – деді облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: