Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтуде (Фото)

12.09.2021, 12:20 497

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында екі күндік «Хан Шатыры» сауда орталығының жанында Қызылорда облысының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңкеде 70-ке жуық Сырдың диқаны мен кәсіпорыны 40 жүк автокөлікпен жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын 400 тоннаға жуық өнімді елордалық тұрғындарға ұсынылуда.

Арқа төріндегі тұрғындар Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызынан дәм татуда.

Сырбойылықтар жәрмеңкеге 140 тонна күріш, 20 тонна балық және балық өнімдері, 150 тонна бақша, 40 тонна асқабақ, 40 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 3 тонна ас тұзы, 5 тонна сүт және кондитер өнімдерін әкелді. Тез бұзылатын сүт өнімдері рефрижератор көлігімен жеткізілді.

Айта кету керек, жәрмеңкеде карантин талаптары сақталып, тауарұсынушылар дезинфекциялық құралдармен толық қамтылған.

Жалпы, Қызылорда өңірінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және агроөнеркәсіптік кешен жүйесін тиімді жүргізу мәселелері жолға қойылған. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының ішінде аймақтың аграрлық саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Атап айтқанда, соңғы 10 жылда (2020 жылды 2010 жылмен салыстырғанда) облыстың жалпы өңірлік өнім құрылымдағы ауыл шаруашылығының үлесі 4,3%-дан 5,9%-ға дейін ұлғайған.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде ірі қара мал басы 1,5 есе, жылқы 2,3 есе, түйе 2 есе өсті.

Биылғы жылы да облыстың жалпы егіс көлемі 3,9 мың гектарға ұлғайып, барлығы 188,1 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың гектар, майлы дақылдар 6,7 мың гектар, мал азықтық дақылдар 66,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектарды құрады. Негізгі дақыл күрiштің көлемі – 83,6 мың гектар.

Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілді. Облыста күрішке орақ салу жұмыстары 26 тамыздан басталды. Бүгінгі күні 4 716 гектар күрішке орақ салынып, оның 2 495 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 42,3 центнерден өнім алынуда. Сонымен қатар, бүгінгі күнге облыста 242,7 мың тонна картоп, көкөніс, бақша және 20,2 мың тонна ет, 49,5 мың тонна сүт өндіріліп отыр.

Еске салайық, Сыр елінің ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 16 мемлекетіне экспортталуда. Экспортталған өнімнің 95 пайызы облыстың негізгі дақылы күріш өнімі Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан және Ирак мемлекеттеріне жіберілуде. Сыр елінің өнімдері ұсынылатын жәрмеңке ертең де жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: