Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еркектің бойынан шақуатының тез бөлінуі нені білдіреді

07.08.2021, 10:00 3348

HALYQLINE.KZ

Төсек қатынасы барысында еркек бойынан шақуаты тез кетіп қалып, әйел қанағаттанбай қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған қарсы қандай тәсіл қолданса болады?

Жауап: Еркектің шақуатының өте тез бөлініп кетуі кейде жыныстық аурулардың себебінен болуы мүмкін. Ондай жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс. Бірақ, негізінде шақуаттың бойдан жылдам кетуі – жалпы еркектерге тән құбылыс. Және бұл – төсек қатынасының ең өзекті мәселесі. Өйткені, кез келген ерлі-зайыптының сол бір ләззатты сәттерін ұзарта түскілері келетіні хақ. Әсіресе, еркектің тез бойдан кетіп қалуы себепті әйел тоят таппай қалған жағдайда өзара салқындық, түсінбеушілік пайда болуы мүмкін. Әйтсе де, төсек қатынасы тәжірибесінде еркектің бойдан кету жылдамдығын тежеп, махаббат ләззатын соза түсу үшін қолданылатын бірнеше табиғи тәсілдер бар. Олар: төсекалды аймаласу кезінде еркектің жыныс мүшесінің көп ысқылануынан сақтануы, оның жыныстық қатынас барысында ойын басқа жаққа бұруы, жыныс мүшесінің әрекетін азайтуы және баяулатуы, керек болса, аракідік қатынасты үзіп тоқтата тұруы, әйелін әңгімеге тартуы, жыныс мүшесінің астын ысқылап істеуден қашқақтауы, сондай-ақ төсек қатынасы барысында жиі-жиі қалыпты ауыстыру да – ләззатты сәтті соза түсуге мүмкіндік беретін нәтижелі тәсілдердің бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: