HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер екпе алғандығы жөнінде ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген азаматтарды анықтады. Облыстық полиция департаментімен жүргізілген жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жалған ПЦР анықтама мен төлқұжат дайындаған 4 дерек тіркелген.
«Бүгінде бұл істер бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы Нұрсұлтан Әлтай.
Баяндауынша жедел шара барысында Қызылорда қаласының тұрғыны емханалардың бірінің медбикесімен бірге жалған «вакцинация паспортын» жасағаны анықталған. ПЦР тест дайындағандар да табылып, қазіргі таңда, тергеу амалдары басталған.
«Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық жауапкершіліктер көзделген, яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді Нұрсұлтан Ерланұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!