Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді

14.07.2021, 16:30 518

HALYQLINE.KZ Аймақта жыл басынан бері 344,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді.

– Өңір экономикасына 104,7 млрд теңге инвестиция салынды. Сондай-ақ, 25,7 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілді. 297,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. Жаңадан 16464 жұмыс орны ашылды. Оның 6328 тұрақты. Ал ауылшаруашылығының өнім көлемі 28,5 млрд теңгеге жетті. Мәселен, жыл басынан бері 17,4 тонна мал және құс еті, сүт өнімі – 40,9 мың тонна, 3,2 млн дана жұмыртқа өндірілді, – деді Нұрғали Рахымшаұлы.

Биыл индустрияландыру бағдарламасы аясында 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, табақша шыны шығару және өңдеу зауыты, қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіру, ас тұзын өндіру, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару өндірісі. Жоба аясында 506 жұмыс орнын құру көзделген.

– Облыста инвестициялар көлемінің өсуі байқалады. Бүгінде инвестициялардың жаңа толқынын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнан өзге, индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығында құны 542,9 млрд теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылатын болады. Нәтижесінде 7,4 мың адамды жұмыспен қамтылады, – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Берденова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: