Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қамқорлық деп ойлап қалыпты…

24.06.2021, 15:30 412

HALYQLINE.KZ 22.06.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлеріне жедел ақпарат түседі. Яғни, 22-23 маусым күндері мекеме қоршауынан сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған затты сырттан лақтыру арқылы жеткізіледі деген ақпарат белгілі болып, жедел бөлімінің қызметкерлері дереу іске көшеді. Жедел бөлімінің қызметкерлері әділет майоры С.Сақтапберген мен әділет аға лейтенанты А.Көптілеу мекеме аумағына тыйым салған жеткізуші азаматты тасалау жерде күтеді. 23.06.2021 жылы сағат 13.00 шамасында қылмысқа әрекеттенген азамат әуелі мекеме маңайын торуылдап, кейін арам ойын іске асыруға беттеген мезетте мекеме қызметкерлерімен құрықталады.

Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Ұсталған азаматтан 3 дана нығыздалып оралған «өзіне тән хош иісі бар шөп тектес» заты және «iPhone 5» маркалы ұялы телефоны тәркіленеді. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: