HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің режим бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтап, оларды жою және болдырмау шараларын мүлтіксіз атқаруда.
Негізінен, күнделікті жұмыс барысында жауапкершілігі мол бөлімнің қызметкерлері қабылдау-тапсыру бөлмесінде әкелген заттарын толықтай тінтіп, тыйым салынатын заттардың ішке кіріп кетпеуін қатаң қадағалауда ұстайды. Сотталғандармен кездесуге келген олардың туыстарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің нормалары және жазасын өтеп жатқандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардарды енгізген тұлғалардың заң алдындағы жауапкершіліктерін түсіндіру кеңінен жүргізіледі.
Алайда осындай ескертулерге қарамастан сотталғандарға тыйым салынған заттарды беруге тырысқан адамдарда жетерлік. Мекеменің режим тобының аға жедел уәкілі әділет майоры Ә.Рахмановтың айтуынша жыл басынан 3 дана ұялы телефон тәркіленген. Оның 2-еуі мекемеге өткізбекші болған жағдайда анықталса, 1-еуі мекеме ішіне тінту шараларын жүргізгенде анықталған. Тәркіленген айғақ заттардың құжаттары Қызылорда қалалық сотына жолданып,сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚАК-нің 98-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекет пайдасына өндірілді.
Мекеме бастығымен бекітілген кестеге сәйкес күнделікті сотталғандарды тінту шаралары жүргізіліп, тасымалды бейнекамераларға түсіріліп, жазбасы терминалға сақталады. Сонымен қатар, мекеменің ішкі күн тәртібін бұзған сотталғандар да кездеседі. Ағымдағы жылы мекеменің ішкі күн тәртібін бұзған 3 сотталғанға Қазақстан Республикасының ҚАК-нің 96 бабының 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстыру жөнінде сотқа ұсыныс берілді. Қазіргі уақытта сот қаулысымен 2 сотталғанның ісі қанағаттандырылып, жазасын одан әрі өтеу үшін қауіпсіздігі орташа мекемеге жіберілді.
Жыл басынан ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден 112 сотталған босатылса, оның 4-еуі – шетел азаматы.
«Мекеме қызметкерлері сотталғандарға әкелетін сәлем-сауқаттарды мұқият тексереді. Сонымен қоса темірдей тәртіпке бағынып, антына адалдық танытып жүрген бұл бөлімнің қызметкерлері үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді де ұмытпай, сотталғандармен кездесуге келген ата-аналар, балаларымен жақындарына мекеменің ішкі тәртібін әдептілікпен түсіндіріп, сыпайылық танытады, – дейді әділет майоры Әзімхан Рахманов.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!