Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындардың өміріне қауіп төндірген мас жүргізуші ұсталды

03.06.2021, 15:45 449

HALYQLINE.KZ  Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Қызылорда облыс бойынша өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульлік полиция батальоны инспекторлары қала көшелерін аралау уақытында «Ауди 100» маркалы автокөлігі тоқтатылған.

Жүргізуші жол ережелерін бұзып, орталық көшеде жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Құқық бұзушының өткен наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жеңіл мас болу дәрежесінде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Жол-көлік оқиғасының алдын алу және болдырмау шараларын күшейту мақсатында полиция қызметкерлері қала тұрғындарын жолдардағы ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: