Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтардың құқықтарын қорғау – қызметіміздің басты бағытының бірі

03.06.2021, 10:30 603

Бес институттық реформаның негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамына сәйкес, мемлекет басшысының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексі қабылданып, өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер құрылды.

Әдеп жөніндегі кеңестер – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қарау­мен қатар, мемлекеттік қызмет заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асырады.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңеспен 2021 жылдың 4 айында өткізілген  4  отырыста  24  мәселе  қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелердің 7-еуі – тәртіптік істер, одан бөлек мемлекеттік орган басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары бұзушылықтарының профилактикасы бойынша атқарған жұмыс­тарының қорытындылары, Әдеп жөніндегі уәкілдер мен тәртіптік комиссиялар жұмысының  нәтижелері  қаралды.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін – 1, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 2 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, 1 қызметші атқаратын қызметінен босатылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тоқсан сайын мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізіп, талдау қорытындысы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралады.

Осының нәтижесінде 2020 жылы тәр­тіптік жаза қолдану барысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі тура­лы» заңының 44-бабының және «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану» Қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 35-тармағының талаптарын бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күші Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен жойы­лып, 2 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына  келтірілді.

Ағымдағы жылдың 4 айында дәл осындай заң талаптарын сақтамай, 3 мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылып, аталған қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызметші өзінің жазбаша түсінігінде теріс қылық жасау фактісімен келіспеген жағдайда, Қағиданың 35-тармағына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп, теріс қылыққа жол беру немесе бермеу мәселесі толыққанды зерттелуі қажет. Қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы міндетті түрде мемлекеттік органның тәртіптік комиссиясы отырысында жан-жақты  қаралып,  шешім  қабылдануы  тиіс.

Дегенмен, кейбір мемлекеттік органдарда аталған Қағида талаптары сақталмай, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылуда. Атап айтқанда, Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Г.Б. мен Қызылорда қаласының құрылыс бөлімінің жетекші маманы Т.Н. өздерінің жазбаша түсініктерінде теріс қылық жасау фактілерімен келіспесе де, оларға қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен бірден тәртіптік жаза қолданылған. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ш.Д.-ға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген. Дей тұрғанмен, аталған басқарма тарапынан Қағиданың 56-тармағының талаптары сақталмай, бас маманның қызметтік тергеп-тексеру қорытындысымен таныстырылмағандығы және жан-жақты, объективті қарау үшін облыс әкімі аппаратының бірыңғай тәртіптік комиссиясына ұсынылмағандығы анықталды.

Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі кеңес Қағида талаптарының бұзылуын ескере отырып, жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшілерге қолданылған тәртіптік жазалардың күшін жойды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан 2020 жылы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің өтініштері негізін­де жүргізілген тексерулер нәтижесімен 107 бұзушылық анықталып, 14 азаматтың  құқықтары  қалпына  келтірілді.

Мысалы, департаментке облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерінің мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылғаннан кейін оған тиісті лауазым ұсынылмағаны жөнінде өтініші түсіп, тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру қорытындысымен аталған тұлғаның құқығы қалпына келтіріліп, бұрын атқарған қызметі, бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.

Бұдан бөлек, Қызылорда қалалық сани­тариялық-эпидемиологиялық қадағалау бас­қармасының жетекші маманының «мемлекеттік лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жазаға келіспейтіндігі туралы департаментке жазған өтініші бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен Қағиданың талаптары сақталмай, оған заңсыз тәртіптік жаза қолданылғандығы анықталды. Департаменттің ұсынысы негі­зінде қызметкерге тәртіптік жаза қолдану туралы  бұйрықтың  күші  жойылды.

Ал, ағымдағы жылдың 4 айында департамент тарапынан 3 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Нақтырақ айтқанда, Шиелі ауданы, Талап­тан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманының өзін қызметтен заңсыз босатқаны туралы шағымы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеріс барысында жетекші маман қызметтік тергеп-тексерусіз лауазымынан босату түрiндегi тәртіптік жазаға тартылғандығы анықталды. Осыған орай, аудан әкімі аппараты жанындағы тәртіптік комиссия отырысының хаттамалық шешімінің және лауа­зымнан босату туралы Талаптан ауылдық округі әкімі өкімінің күші жойылды. Өкімді қабылдаған тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес, әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін сотқа жолданды.

Сонымен қатар, Жаңақорған аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекші мама­нынан бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурс нәтижесіне қатыс­ты департаментке өтініш түсті. Өтініш негізінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, конкурсқа қатысты тиісті құжаттар мен конкурс бейнежазбасы зерделенді. Тексеріс нәтижесімен конкурсқа қатысқан кейбір үміткерлерге сұраққа дұрыс жауап бергеніне қарамастан балл берілмегендігі, ал бір үміткердің кәсіби тәжірибесі жоқ бола тұра, оған комиссияның барлық мүшелері артық балл қойып, оның жеңімпаз болуына жол бергендігі анықталды. Осыған орай, Қазақ­стан Республикасының Әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодексінің 99-бабы 1-тармағына сәйкес, конкурстың іріктеу рәсімін бұзғандары үшін комиссия мүшелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, комиссия хатшысына тәртіптік жаза қолданылды және конкурстық комиссия қорытындысының күші жойылды.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметінің басты бағыттарының бірі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар департаменттің айрықша назарында болады.

Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: