Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қайта «сары аймаққа» өтті

06.05.2021, 10:15 753

HALYQLINE.KZ  Соңғы күндердегі көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 6 мамыр күні “сары аймаққа» ауысты.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулысына сәйкес “қызыл” аймақтан “сары” аймаққа ауысқан жағдайда карантин шараларын жеңілдету 7 күннен кейін жүргізіледі.

“Сары” аймаққа ауысу қауіптің сейілгенін білдірмейді, босаңсуға негіз жоқ. Себебі коронавирус инфекциясы бойынша облыстағы ахуал әлі де тұрақсыз деп бағаланады. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарамауды сұраймыз.

Қауіпсіздік ережелері өзгерген жоқ:

бетперделік режим

әлеуметтік арақашықтық

қолды сабынмен жиі жуу

антисептик пайдалану

ауру белгілері байқалған сәттен медициналық көмекке жүгіну

вакцина қабылдау

❌көпшілік жиналатын жерге баруды шектеу

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: