Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанға вакцинаның 3000 дозасы жеткізілді

28.04.2021, 17:00 384

HALYQLINE.KZ Жаңақорған ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандардың саны 1405-ке жетті. Екі күн бұрын ауданға «Спутник V» вакцинасының 3000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте Жаңақорған ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова мәлімдеді.

Ахуал ауданда күрделі. Сәуір айының өзінде індет жұқтырғандар саны 130-ға жетті. Сырқаттанушылық көрсеткіші 21 пайызға өсті.

– Пандемия басталғалы бері ауырғандардың басым бөлігі ересектер болса, сәуір айында 18-29 жастағы азаматтар індет жұқтыруда. Сіздерден карантин шараларын сақтауды сұраймыз. Бетперде тағып, қолыңызды мұқият және үнемі жуу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Қорғаныс құралдары инфекцияның таралуын азайтуға көмектесетінін түсінген абзал. Түрлі мерекелер мен той-томалақтарды өткізуді де тоқтата тұруымыз қажет, – деді ауданның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Қожанқызы.

Сондай-ақ, ауданда карантин талабын бұзған 23 жағдай тіркеліп, барлығына айыппұл салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: