Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйгілі жазушылар жайлы қызықты деректер (2-бөлім)

25.04.2021, 12:00 697

HALYQLINE.KZ

6. Николай Гоголь аспаз өнерінің асқан шебері болған. Ол макароннан әр алуан дәмді тағамдар әзірлеп, достарын қонақ етіп отырған. Аспаздық өнерді ол Римде тұрған кезінде италиялық аспазшылардан үйренген.

7. Иван Тургенев шаруа отбасында дүниеге келген әрі әкесі құмар ойындарына әуес болған екен.

– Тургеневтің өлімінен кейін эксперт мамандары оның миының салмағын тексеріп көрген, нәтижесінде жазушы миы 2.5 кг ауырлықты көрсеткен. Қалыпты адамдардың орташа ми салмағы 1.5 кг құрайтынын есепке алсақ, орыс жазушысының қалыптан тыс қуат пен аса зор білімге ие жан екенін көреміз.

8. Лев Толстой Ясная Полянаны жанына жақын тартқан. Талант табиғатына тарта туады. Толстой ерте тұрып, үнемі шайтанарбамен сол маңда серуендеуді жақсы көрген.

9. Марк Твен (Сэмюел Клеменс) керуертте жатып жазған. Ол теңізші болғаны үшін «mark twain» – екі теңіз сажені, яғни тереңдік өлшем бірлігі атауын өзіне аударған.

– Әр жылдың 30 қарашасында жазушының туған күні Миссури штатында тойланады. Әрі сол күні Том Сойердің үйіндегі қабырғаларды ақтап-сырлау байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Марк Твен кітаптары тарту етіледі.

10. Джек Лондон шығарма жазуды жек көретінін ашық білдірген.

– Америкалық жазушы 17 жасында-ақ теңіз қарақшыларына қосылып, Беринг бұғазы, Альяска, Тынық мұхиты мен Жапония жағалуларына барып келген. Сол жылы Сан Франциско газетінде ұйымдастырылған таңдамалы очерктер бәйгесінің жеңімпазы атанған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: