Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйгілі жазушылар жайлы қызықты деректер

24.04.2021, 10:00 617

HALYQLINE.KZ

1. Уильям Шекспир 23 сәуірде туылып, сол күні көз жұмған. Оның Гамлет есімді ұлы болған.

– Маурицио Отелло деген кісі расымен де Шекспир дәуірінде Италияда өмір сүрген. Бірақ ол ақ нәсілді, италиялық теңіз капитаны болған екен.

– Шекспир шығармалары ескі ағылшын тілінде жазылған.

2. Даниэль Дефо «Робинзон Крузо» көлемді шығармасы негізінде 300-ден астам туындыны дүниеге әкелген.

3. Иоганн Вольфанг Гете қарапайым түтінді ұнатпаған, тіпті ол асханасын түтіндетіп жібергені үшін аспазын жұмыстан қуып жіберген. Реніштен ызаға булыққан аспаз өшін алу үшін темекі тартып кеткен.

4. Оноре де Бальзак күн сайын 7-8 кесе кофе ішкен. Яғни, ол өмір бойына 50 мыңға жуық кофе шынаяғын тауысқан.

– Өз романдарында қайсыбір қаһарманы өлгенде, Бальзактің өзі де инфаркт алған екен.

5. Александр Дюма өз кейіпкерлерін тірі деп қабылдап, олар жайлы қайғырып, сыр бөлісіп, сұхбаттасқан, күлген деседі.

– Дюманың асқа тәбеті өте тамаша болған. Алайда жазушы өмірінде спирттік ішімдіктер мен темекіні аузына алмаған екен.

Жалғасы бар…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: