HALYQLINE.KZ 6 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуы бойынша түскі уақыт 15:40 шамаларында ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйінің кіреберіс темір есігін бұзып ашып кіріп, шкаф ішінен 7 дана алтын алқа, 2 дана алтын білезік, 9 дана алтын сырға, 3 дана алтын сақина, күміс бұйымдарын және де әмиянынан үлкен соммадағы ақшаларын қолды еткен. Қазіргі таңда, жалпы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын 2 700 000 теңгені құрайды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде «ізін суытпай» 30 жастағы бұрын сотты болған, қала тұрғыны күдікті азамат ретінде тәртіп сақшыларының қолына түсті. Жәбірленушіге ұрланған заттары толықтай қайтарылды.
Күдікті Қызылорда қалалық ПБ-ның УҰИ-на қамауға алынды.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3 тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Қызылорда қалалық Полиция
басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!