Осы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алды. Жараланғандар аудандық ауруханаға жеткізілген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда.
Polisia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!