Атақты сахабалардың бірі, Пайғамбар (с.а.у.) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын. Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқтап :
– Анашым, саған тыныштық тілеймін. Алла тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, – дейтін. Оған анасы:
– Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Алла тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, – деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра:
– Алла тағала саған, кішкентайдан мені өсіргеннің үшін рақымшылық берсін, – деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы :
– Саған да Алла тағала маған деген қайырымдылығың үшін нұрын төксін, – дейтін анасы.
Әр сапарының үйіне қайтып келгенде де Әбу Хурайра жүрек тербейтін осы сөздерді жиі қайталайтын болған.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!