Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әр балаға – 4,2 млн теңге

03.03.2021, 13:10 577

HALYQLINE.KZ Елімізде үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ана капиталын енгізу ұсынылды.

Депутат Ерлан Смайыловтың айтуынша, елімізде ана мен баланы қолдауға арналған түрлі жобалар тиісті деңгейде олардың өмір сүру жағдайына әсер етіп отырған жоқ. ЮНИСЕФ-тің зерттеуіне сүйенсек, елімізде балалардың 15,6%-ті тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан, яғни бұл дегеніміз бір миллион баланы құрайды.

  • Мемлекет бір нәрсені анық түсінуі керек, бүгінгі кедей балалар – ол ертеңгі кедей мемлекет», – деді депутат.

Депутаттардың ұсынысы бойынша әлеуметтік төлемдерден енді адам капиталын енгізіп, әр баласы бар отбасыларға инвестиция жасау керек.

  • Қазақстанда әр балаға 4,2 млн теңге мөлшерінде мемлекеттік төлемді ана капиталы ретінде берген дұрыс. Бұл қаражатты әр ана қажеттілігіне қарай баспана алуға, баланың білім алуына немесе зейнетақы жинағына салуға құқылы болуы керек, – деді Смайылов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: