Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұрлыққа түскен сауда үйінің қызметкерлері ұсталды

01.03.2021, 17:00 503

HALYQLINE.KZ 2021 жылдың 26 ақпанында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қалада орналасқан мекемелердің бірінің басшылығынан арыз түсті. Арызда ақпан айының 13-і мен 16-сы аралығында сауда үйінің қоймасынан белгісіз біреулердің су насосының қозғалтқышын, 2 мұздатқыш және алюминий сатысын ұрлап кеткендігі көрсетілді.

Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында қоймаға ұрлыққа түскен екі күдіктіні анықтады. Олар осы сауда үйінің қызметкерлері болып шықты.

Күдікті азаматтар ұсталып, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: